«Бұдан былай жеңістің бәрі біздікі!!!»
Біздің тұрақты демеушіәлеріміз бен қамқор достарымыз балалар ауылы балаларына тағы да назар аударып, қамқорлық көрсетті.
«Атырауэнерготехсервис» компаниясының басшылығы мен өкілдері Павлодар қаласы балалар ауылының баскетбол құрамасына жиырма дана кәсіби баскетбол формасы мен аяқкиімдерін табыстады.
Балалар ауылының басшысы Г.Е.Кәрімова және жаттықтырушы Шұғабаев М.Е. демеушілерге тамаша сыйлықтары үшін алғыс айтып, материалдық жәрдем жасаған компанияның басшылығы мен қызметкерлеріне шынайы құрметтерін көрсетті. Сонымен қатар, алдағы уақытта да Қазақстан Республикасының балалары мен жастары арасында салауатты өмір салтының маңызы мен спортқа деген қызығушылықты насихаттау ісіне белсене атсалысатынына сенім білдірді.
Балалар демеушілерге рақмет білдіріп, өз армандарын орындауға мүмкіндік берілгеніне қуанды. Жарқын, әдемі кәсіби спорттық форма жас баскетболшылардың шеберлігіне қуат, келбетіне көрік берері анық. Олар баскетбол құрамасының нәтижелері бұдан кейін арта түседі деді. Балалар: «Бұдан былай жеңістің бәрі біздікі!» – деді.
Біз демеушілерімізге – бизнестері өркендеп, қаржылық әлеуеттері артуын және кәсіби қызметте өрлеулерін тіледі. Қиын жағдайға тап болған балалардың өміріне әкелген қуаныш, өз өмірлерінде еселей көбейіп, отбасыларына бақыт болып орнасын деді.